$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Оралда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

18.07.2023ж. 20:00
896
Оралда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Оралда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Ерекше салмағымен елді елең еткізген шақалақтың бойы - 63 сантиметр. Дәрігерлер анасы мен ұлының денсаулығы жақсы екенін айтады. Бұл нәресте - отбасындағы үшінші перзент. Бір қызығы, ерлі-зайыптылардың тұңғышының салмағы 4 келіден асса, ортаншы баласы 5 келіге жуықтапты. Ал үшінші ұлдың салмағы бәрінен асып түсті. Дегенмен дәрігерлер мұндай артық салмақтың денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін дейді. Сондықтан сәбиді үйге шығарылғасын, бақылауға алмақ.

Тимур МҰХАМЕДИЯРОВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Әйел айы-күні жетіп, өзі босанды. Сәбиі екеуінің жағдайы қалыпты. Негізі қалыпты норма 3-4 келі ғана. Сондықтан денсаулығын педиатр бақылап отырады. Негізі баланың артық салмақпен өмірге келуіне, экологиялық қолайсыздық, екіншіден, анасының тамақтану тәртібінің бұзылуы себеп.Әйел айы-күні жетіп, өзі босанды. Сәбиі екеуінің жағдайы қалыпты. Негізі қалыпты норма 3-4 келі ғана. Сондықтан денсаулығын педиатр бақылап отырады. Негізі баланың артық салмақпен өмірге келуіне, экологиялық қолайсыздық, екіншіден, анасының тамақтану тәртібінің бұзылуы себеп.