Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Мектеп құрылысын "АМАNАТ" партиялық бақылау комитеті тексерді

19.07.2023ж. 20:00
1352
Мектеп құрылысын "АМАNАТ" партиялық бақылау комитеті тексерді

Астана іргесіндегі Жаңа жол ауылындағы сексен орындық мектеп құрылысын "АМАNАТ" партиялық бақылау комитетінің мүшелері қадағалайды. Жаңа ғимаратта бірінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейінгі оқушылар білім алады. Мектеп айналасы абаттандырылып, асфальт төселеді, жаңа футбол алаңы салынады. Нысан жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ, "АМАNАТ" ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ПОСТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Көп өзгерістер бар. Көшелердің бәрі асфальтталып жатыр. Көпір салынды. Жолдардың бәрі жаңарды. Су әкелді, ауыз су. Жақсы жаңалық, енді биыл 80 орындық мектеп салынып жатыр. Көшіп келушілер көп.