$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған екі көпқабатты үй былтырдан бері тапсырылмай келеді

19.07.2023ж. 20:00
1569
Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған екі көпқабатты үй былтырдан бері тапсырылмай келеді

Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған екі көпқабатты баспана былтырдан бері тапсырылмай келеді. 72 пәтерлі қос үйдің құрылысы былтыр аяқталған. Алайда, инженерлік желілерді тарту жұмысы сағызша созылып кеткен. Осының салдарынан 150ге жуық отбасы қоныс тойын тойлай алмай отыр.

Нұргүл ХАМЗИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қызым қазір квартир жалдар тұрып жатыр. Мынаны полный выкуп квартирға ипотека алып, оны төлеп жатыр. Қашан нақты беретіндер айтпайды осы күнге дейін. Қазір документтерді береміз дейді. Ал ішкі жұмыстары қашан бітетіні түсініксіз болып тұр.

Тұрғын үйлерге коммуникациялық желілер тартумен тараздық компания айналысуда. Жұмыстың баяу жүріп жатқанына қаржылық қиындық себеп болған көрінеді.

Серік БЕКТҰРҒАНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Тек қана детский площадка дейді ғой ойын орындарын дайындап жатырмыз. Барлық инженерный сеть дайын тұр. Бірақ электрснабжение дейді ғой, тоқ жүйесі. Бүкіл жұмыстар екі айдың көлемінде бітеді.

Жергілікті билік жауапсыз мердігерлерге соңғы ескерту жасағандарын жеткізді. Егер мердігер жақын арада жұмысын тапсырмаса, әкімдік онымен келісім шартты бұзбақ.

Серік МҰХАМЕДИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Егер біз келісім шартты бұзсақ бұл жұмыс тағы екі-үш айға созылып кетеді. Сондықтан біз бұл мердігерді тездетіп, барынша көмек беріп жатырмыз. Келесі аптада үй тұрғындарына кілттерді бере бастаймыз.