Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Құрылысты дұрыс бақыламаған батысқазақстандық 15 шенеунікке айыппұл салынды

21.07.2023ж. 20:00
943
Құрылысты дұрыс бақыламаған батысқазақстандық 15 шенеунікке айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған шенеуніктерге айыппұл салынды. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген заңгерлер мәлімдеді. Осылайша қызметіне салғырт қараған 15 шендіге 6,5 миллион теңге айыппұл салынған. Олар мердігерлердің жұмысын бақыламай, заңсыздыққа жол беріпті. Осының кесірінен мектеп пен балабақша секілді әлеуметтік нысандарды жобалауда қате кетіп, құрылыс мерзімінен кешіккен. Ал мектебі уақытылы салынбай далада қалған оқушылар басқа ғимараттарда оқуға мәжбүр. Бүгінде өңірдегі әрбір төртінші нысан уақытылы салынбайды, дейді заңгерлер.

Бауыржан ЗӘКИ, ЗАҢГЕР:

Бұл жерде бақылаушы органдар көп былай қарап тұрсаңыз. Ол тек мердігерге керек емес. Тапсырыс беруші бар, оның қадағалаушы техникалық қадағалауы бар, авторлық қадағалауы бар, аудит бар. Сол жердің прокуратурасы бар. Жеме-жемге келгенде мердігерлер осының барлығына көзін жұмып қойып, алдай ма, сулай ма, басқа бір амал-айлаларын жасай ма екен, біз оны білмейміз. Сол құрылыстар бітпей, уақытында аяқталмай тұрады.

Мұны шенеуніктер де мойындайды. Айтуынша, облыстағы 13 нысанның құрылысы белгіленген мерзімінде аяқталмапты. Бұл аздай тендерді ұтып алған компаниялардың дені - басқа қаладан келген. Сондықтан техникалық жарақталуы көңіл көншітпейді.

Ринат ҒАЙНУТДИНОВ, БҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Басқа қалалардан келген компаниялардың материалдық-техникалық базасы жоқ. Бұл аздай құрылыс материалдары қымбат әрі жобалау кезінде тапсырыс берушінің қателігінен салынар нысанның құжатында кемшіліктер кетіп жатады.