$462.36 €493.48 ₽5.99
×

«ЭКСПО» ісі бойынша сот отырысы жалғасуда

AstanaTV
08.04.2016ж. 20:00
1148
«ЭКСПО» ісі бойынша сот отырысы жалғасуда

«ЭКСПО» компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев көрменің техникалық-экономикалық негіздемесінің құнын 1,2 триллион теңгеге дейін асырып көрсетуге мәжбүрледі". Айыпталушылардың бірі - «Rona LTD» серіктестігінің жобалық компания басқарушысы Орал Ибаділдина - бүгін сот алдында осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол  Ермегияевтан құрылыс материалдарының бағасын мейлінше қымбат етіп көрсету жайында пәрмен алғанын айтады. Кейіннен онсыз да жоғары етіп көрсетілген бағаны тағы 30-40% ұлғайту керек деген бұйрық алдым дейді. Өзі кінәсін толық мойындап отыр.

Айта өтейік, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы істі қарау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталған 23 фигуранттың 14-і  кінәсін мойнына алды.  Десе де, бас айыпталушы Талғат Ермегияев айыбын мойындар емес. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах