$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысында мектепке құжат қабылдау 12 минутқа ғана созылған

AstanaTV
24.07.2023ж. 21:46
929
Атырау облысында мектепке құжат қабылдау 12 минутқа ғана созылған

Атырау облысында биыл балаларын бірінші сыныпқа беретін ата-аналар орын таппай жатпағандықтан, шу шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындар үйлерінің маңында орналасқан 4000 орындық "BINOM" мектебіне балаларын тіркемек болған. Алайда екі минуттан кейін онлайн құжат қабылдау тоқтатылып, "орын жоқ" деген хабарлама келген.

Тұрғындар "BINOM" мектебінің алдына жиналып, білім саласына жауаптылардан қабылданған құжаттарды тексеруді талап етті. Ата-аналар бұл мектепке басқа аудандардағы оқушылар тіркелген болуы мүмкін деп күмәнданады.

"Нұрсая" бойынша құжат қабылдау кеше ашылды. Содан 9-дан екі минут кеткенде, сайттың бәрі белсенді емес болып қалды. Сонда балаларымызды қай уақытта тіркеп үлгереміз? Дұрыстап неге жасамайды?”, – деді ата-ана Гүлзада Аташева.
“Сайт арқылы оқушыларды қабылдауды таңертең бастады. Бірақ бір минут өткен соң қазақ сыныбында да, орыс сыныбында да орын жоқ деп шықты. Біз енді қайтеміз?”, – деді ата-ана Райнагүл Өтемісова.

Жалпыға білім беретін бұл мектепке ілігу үшін баланың тұрғылықты мекенжайы сол ауданға қарауы тиіс. Бірақ қолымызда тиісті құжаттарымыз бола тұра, балаларымызды оқытатын орын таппадық деген ата-аналар бұл шикілікті тексеруді талап етеді. Қалалық білім бөліміндегілер ата-аналардың шағымын жерде қалдырмайтынын айтты.

“Барлық ата-аналардың арыз талаптарын қарап, кім қай мекенжайда тұратындары бойынша жайғастырып жатырмыз. Қосымша мамандар да тартылды. "Нұрсая", "Сарыарқа" бойынша қарап, өзгеріс енгізу туралы ұсыныстарды қайта бердік”, – деп мәлімдеді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Аманбай Хұсынов.

Мектеп басшылығы құжат тапсырамын дегендердің көпшілігі балаларын орыс сыныптарына бергісі келетіндерін айтты. Бірақ орыс сыныптары санаулы ғана дейді.

“20 сыныптың 16-ы қазақ сыныпта, төртеуі ғана орыс. Қазақ сыныбы төрт есе үлкен. Мәселе осы төңіректе болып тұр. Облыстық білім беру басқармасымен бекітілген мекенжайлар бар. Ол аумақты біз шешпейміз”, – деді Әл-Фараби атындағы binom мектебі директорының орынбасары Батыржан Қиясамиденов.

Шенеуніктердің айтуынша, келер жылы тағы да екі білім беру ұйымы салынады деген ниетте.