Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«АМАNАТ» партиясы жылу-энергетикалық жүйені реттеуді орталықтандыруды ұсынды

24.07.2023ж. 20:00
574
«АМАNАТ» партиясы жылу-энергетикалық жүйені реттеуді орталықтандыруды ұсынды

«АМАNАТ» партиясы жылу-энергетика жүйесін реттеуді бір мемлекеттік органда орталықтандыруды ұсынып отыр. Партиялық бақылау комитетінің отырысында жылу электр орталығының маусымға дайындығы талқыланды. Көпшілігінде жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында ғана оң өзгерістер бар екенін атап өтті.

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Былтырдан бері Атырау ЖЭО-да №12 және №6 турбинаға жөндеу жұмыстары басталмаған. Қарағанды облысының ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының түрлері өзгеріп, мерзімі ұзартылуда. Маңғыстау облысында жекелеген қазандықтар мен турбиналар бойынша жұмыстар ақсап тұр, келісім-шарт жасалмаған. Ұлытау өңіріндегі қазандықты жөндеу 2024 жылға шегеріліп, №8 қазандықты қайта құру жұмыстары кейінге қалдырылғандықтан тиісті резерв қарастырылмаған.Былтырдан бері Атырау ЖЭО-да №12 және №6 турбинаға жөндеу жұмыстары басталмаған. Қарағанды облысының ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының түрлері өзгеріп, мерзімі ұзартылуда. Маңғыстау облысында жекелеген қазандықтар мен турбиналар бойынша жұмыстар ақсап тұр, келісім-шарт жасалмаған. Ұлытау өңіріндегі қазандықты жөндеу 2024 жылға шегеріліп, №8 қазандықты қайта құру жұмыстары кейінге қалдырылғандықтан тиісті резерв қарастырылмаған.