Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жүрегі тоқтап қалды

AstanaTV
25.07.2023ж. 11:39
747
Жүрегі тоқтап қалды

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының реаниматологтары о дүниеге аттана жаздаған 36 жастағы қарағандылықты құтқарып қалды. Ер адам ауруханаға клиникалық өлім жағдайында түскен. Ол ата-анасының үйінде түскі ас ішіп отырғанда бір тілім етке қақалып қалған. Сол себепті жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандылыққа ауа жетпей бастағанда,әкесі геймлих жасаған (жоғарғы тыныс жолдарының бөгде затпен бітелуіне алғашқы көмек), бірақ тыныс алу жолдарын босату мүмкін болмады. Отбасы дереу жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлердің айтуынша, облыстық клиникалық ауруханаға кіре берісте науқастың жүрегі тоқтап қалған.

"Клиникалық өлім жағдайында импульссіз, тыныс алмай жатқан күйі жеткізілді. Ең алдымен, оның тұншығып қалғанын ескере отырып, бірден тікелей ларингоскопия жасадық. Сол арқылы тыныс алу жолдарының кіреберісін жауып тұрған бөгде затты яғни еттің бөлігін көрдік. Оны корнцангпен алып тастадық. Сонымен қатар жанама жүрек массажын бастап, бөгде затты алып тастағаннан кейін бірден трахея интубациясы жасалды. Содан кейін оның жүрегі соға бастады, яғни жүрек қызметі қалпына келді", - деп түсіндірді облыстық клиникалық аурухананың реаниматолог дәрігері Александр Собянин.

Сол күні кешке ер адам есін жиды. Таңертең одан тыныс алу апаратын алып тастады. Келесі күні науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қазір қарағандылық үйіне шыққан.

"Жедел жәрдем клиникаға 5-7 минут ішінде келді. Мұнда еанимация бөліміндегілер бізді каталкада қарсы алды. Дәрігерлерге сауатты және тез әрекет еткені үшін өте ризамын. Дәрігерлер ғана емес, кіші медициналық қызметкерлер де бізді қолдады. Менің ойымша, олар кәсіпқой жұмыс істеп қана қоймай, адами қасиеттерінің де жоғары екенін көрсетті. Бөлімше меңгерушісі Ирина Александровнаға осындай дәрігерлер жұмыс істегені үшін өте ризамын. Ұлымыздың бізбен, отбасымен және балалармен бірге болғанына ризамын. Бұл үлкен бақыт", - деді науқастың анасы Наталья Левина.
"Мүмкін, бір кесек еттің үлкен болғаны және одан әрі дауыстық қабатқа кетпеуі де сәттілік шығар. Әйтпесе біз оны әдеттегі әдістермен ала алмас едік, мүмкін трахеотомия жасауға тура келетін еді. Біз бастапқыда бүған дайын болдық, тыныс алу жолындағы бөтен денені алуға біз трахеотомияға шартты түрде дайынбыз. Бірақ оның жағдайында керек болмады. Бұл – сирек кезедесетін жағдай ", - деп толықтырды Александр Собянин.