Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Шетелде құрастырылған көліктер жиі өртенеді

AstanaTV
25.07.2023ж. 12:31
845
Шетелде құрастырылған көліктер жиі өртенеді

Елордада өртенген көліктердің көбі шет елдерде жасалған темір тұлпарлар. Мұны Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтты.

«Өрттің басым дені шет елдерде құрастырылған автомобильдерде болады. Ұзақ қызмет ету мерзімі де, бәсекелестік ортада техникалық тексерудің сапасыз жүргізілуі де әсер етеді», - деді Еркін Отарғалымұлы.

Спикер өрттің алдын алу үшін техникалық тексеруден өту тәртіптерін қатаңдату бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ ол мына ережелер мен талаптарды үнемі қаперде ұстауға шақырды:

- көліктеге ақауларды уақытылы жою, электр сымдарды, бак және бензин тұратын жүйелердің техникалық жай-күйін бақылау;

- қосымша жабдықты орнату және қызмет көрсету шараларын тек мамандандырылған орталықтарда жүргізу;

- көлікте өрт сөндіргіш баллондардың болуы;

- салқын күндері қозғалтқышты ашық күйдегі отпен жылытпау.