Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Интернет операторларға 4 млрд теңгеге айыппұл салынады", - Б. Мусин

25.07.2023ж. 20:00
936
"Интернет операторларға 4 млрд теңгеге айыппұл салынады", - Б. Мусин

Интернет тарифтердің бағасын ұялы операторлардың өздері белгілейді. Ол министрліктің құзыретіне кірмейді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін тариф бағаларының өсуіне байланысты осылай деп жауап берді. Оның айтуынша, бағаның көтерілуін бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп қана тексере алады. Ал, интернет сапасына байланысты министр операторларға салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтуды көздеп отыр. Сонда ғана жауапты орган мәселеге салмақты қарайтын болады дейді.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Айыппұлдар өте төмен болған кезде одан қорықпайтын. 2020 жылы біз 100 млн теңгеге дейін ғана айыппұл жазып бергенбіз. Ал биыл жарты жылдың өзінде 1,5 млрд теңгенің айыппұл салдық. Жыл аяғына дейін 4 млрд теңгеге жететіні анық болады. Мен уәде беремін. Бұл – олардың қалтасына айтарлықтай салмақ. Сондықтан олар ойланып, белгілі бір нақты шаралар ұсына бастады.