Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ми-8 тікұшағында қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

AstanaTV
24.10.2016ж. 20:00
2363
Ми-8 тікұшағында қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

Ми-8 тікұшағында қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұған дейін ресейліктер апат құрбандары ішінде екі қазақстандық барын хабарлаған еді. Олардың бұрын Қазақстанда тұрғаны, кейін Ресей азаматтығын алғаны белгілі болды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов біздің арна тілшілеріне хабарлады.

Еске салайық, апат Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округінде 21-ші қазанда орын алды. Ми-8 тікұшағының бортында 19 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған. Үш азамат аман қалды. Қалғандары апат орнында көз жұмды.

Қауіпсіздік шараларының сақталмау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әуе көлігінің 1984 жылы құрастырылғаны белгілі болды. Және оның жарамдылық мерзімі алдағы жылы аяқталуы тиіс екен.