$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда екі жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

AstanaTV
26.07.2023ж. 08:18
911
Оралда екі жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

Оралда екі жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды , - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға 21 шілдеде сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болған. Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы көше дәретханасынан Ә. есімді кәмелетке толмаған 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды. Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде ауладағы дәретхананың шұңқырына құлаған.

Ойнап жүрген балалар қыздың дәретханаға құлап кеткенін көріп, дереу ата-анасына хабарлаған. Оқиға орнына жедел-жәрдем келгенімен, қыз бала қайтыс болып кеткен. Қыз бала қараусыз қалғаны белгілі боллы.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде жазатайым оқиға ретінде тіркелді.