$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылда тіршілік нәрінің тапшылығынан 12 мың гектар егістік алқап қурап қалғалы тұр

26.07.2023ж. 20:00
1089
Жамбылда тіршілік нәрінің тапшылығынан 12 мың гектар егістік алқап қурап қалғалы тұр

Жамбылда тіршілік нәрінің тапшылығынан 12 мың гектар егістік алқабы қурап қалғалы тұр. Қазірдің өзінде 1000 гектар алқапқа егілген қант қызылшасы қурап кеткен.

Сансызбай ИМАНБЕТОВ, ДИҚАН:

25 гектар еккенбіз ғой. Соның мысалға бәрі шықпай қалды да, қайтадан пересев жасадық павторно. СКЛ Жүгері ектік жүгеріміз де шықпай қалды. Пәленбай тиын жұмсадық оған.

Зарина НИЯЗОВА, ШАРУА:

Бар ақшамыздың бәрін жерге құйып отырмыз қазір. Кредит алып жатырмыз. Айма-ай кредит төлейміз. Бізге ақшалай көмек берсе, кредитіміздің бір бөлігін жауып ары қарай бар қылшамызды күзге дейін сүйрейтін едік. СКЛ Қылша су жоқ жерлерді уже тастап жатырмыз.

Суармалы судың сексен пайызы Қырғызстаннан келеді. Көрші елдің өзіне су жетпей жатқан көрінеді. Суға жауапты мамандар Қырғызстанмен жыл басында Киров су қоймасы арқылы 560 млн куб су алу туралы келісімге отырған. Алайды ол мөлшер 200 млн кубқа кем келген. Оған себеп, тау басындағы мұздақ ерімей, жауын шашын биыл аз болған.

Ерлан ӨТЕГЕНОВ «ҚАЗСУШАР» РМК ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі таңда Киров су қоймасында 74 млн су қалды. Оның ішінде 50-55 млн Қазақстанға тиесілі. Енді мынау ауа-райы өзгермесе, Киров су қоймасына су түспесе 2000 гектар қызылшасы күюі мүмкін.

Жергілікті билік бұл мәселені үкіметке сілтеп отыр. Себебі ел ордадан төрт министірліктен арнайы өкілден келіп комиссия құрыпты. Қазірдің өзінде қурағалы тұрған 12 мың гектар алқапқа шаруалардан шыққан шығын 3,8 млрд теңге екен.

Нұрби ЖІГІТЕКОВ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

СКЛ Соның нәтижесінде комиссия көз жеткізіп өздері көрді қандай жағдайда болып жатқанын. Осы комиссияның анықтамасы бойынша шешім қабылдайды деп ойлаймыз.