Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Үкімет жалпы ішкі өнімнің өсімін 0,5 пайыздан асыруды жоспарлап отыр

AstanaTV
25.10.2016ж. 20:00
2776
Үкімет жалпы ішкі өнімнің өсімін 0,5 пайыздан асыруды жоспарлап отыр

Үкімет жыл соңына дейін жалпы ішкі өнімнің өсімін 0,5 пайызға жеткізіп қана қоймай, ол межеден асып түсуді жоспарлап отыр. Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Жиында өткен тоғыз айдағы экономикалық өсім талданған. Премьер қазынаның әр теңгесі үшін қатаң сұраныс болатынын әкімдерге тағы да ескертті. Жыл соңында нәтижелерді қараймыз деді. Өйткені аймақтарға тағы да қосымша ақша берілген.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Жыл басында бөлінгеннен көптеген қосымша қомақты қаржы бөлінді. Өткен 9 қыркүйектегі жиында қосымша тағы 400 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сол себепті әр теңгенің уақытында игеріліп, елдің игілігіне біз жұмыс жасауымыз керек. Ол берілген тапсырма, ол орындалуы керек. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ