Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодарда ауыл әкімі кәсіпкерді соққыға жыққан

28.07.2023ж. 20:00
837
Павлодарда ауыл әкімі кәсіпкерді соққыға жыққан

Павлодарда ауыл әкімі кәсіпкерді соққыға жыққан. Қаладағы дәмханалардың бірінде оған жеңіл дене жарақатын салған. Таяқ жеген кәсіпкер бірден полицияға арыз түсіріпті. Ақыры іс сотқа жетіп, тек екі жақтың татуласуымен тоқтатылды. Алайда, әкімнің бұл қылығын естіген аймақтың әдеп жөніндегі кеңесі оған қатаң сөгіс берді. Бірақ ауыл әкімі қылмысын мойындаған жоқ. Сырым Рушанов 5 жылдан бері Павлодар ауылының басқарып келеді.

Сырым РУШАНОВ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз ол тойда болдық. Сосын той біткесін дәретханаға кіріп аузымды шайдым да шығып кеттім. Ол кезде дәретханада менен басқа ешкім болған жоқ. Өтініш жазған кісіні көрген жоқпын. Бір ауылда тұрғасын екеуміздің арамызда бұрыннан араздық болды. Соны ойлай келіп, ол арыз жазды.

Ерқанат ДӘУЛЕТҰЛЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Рушанов Павлодар қаласы Қамзин көшесінде орналасқан «Рахат» кафесінің дәретханасында азамат Бекмұхамбетовқа дене жарақатын салғаны көрсетілген. 2023 жылдың 22 маусымындағы медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес Бекмұхамбетов денсаулығына шынымен жеңіл зиян келтіргені анықталды.