Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Ақмола облысы Тайтөбе ауылының тұрғындары жол мен ауыз суға жарымай отыр

28.07.2023ж. 20:00
1072
Ақмола облысы Тайтөбе ауылының тұрғындары жол мен ауыз суға жарымай отыр

Ақмола облысы Тайтөбе ауылында жыр болған жол жөнделіп жатыр. Дегенмен, тұрғындар таудың тасы көшеге төселіп жатқанына қарсы.

Гүлнар ЕЛУБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жолды алды да бәленбай метр қазып тастады. Міне салған тасы, мына тастарды апарды да салды, салды, салды. Оның үстінен католка жүргізгенде жүре алмай қалды. Үйіміздің люстрасы дірілдеді былай. Ішіп отырған шәйіміз шайқалды.

Жолдың құрылысы күзде аяқталады екен. Жауаптылар таудың тасын төсеудің өзіндік себебі бар дейді.

Әлкен ТОЙЫНБЕКОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Үлкен тастар салмаса ертеңгі күні асты ойнап кетеді. Соларды салып үлкен катоктармен соларды орын орынан басып, жік-жігіне толтырып сомен тағаны мықтылап жатқаны үшін. Биылға жылы 8 шақырым жалғастырып жол салайын деп жатырмыз.

Тайтөбеліктер төрт жыл бұрын ауыз су азабынан құтыламыз деп қуанған. Жер қазылып, құбыр тартылған. Бірақ жұмыс әлі күнге дейін аяқталмаған.

Айбек ХУАТ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Халыққа осы суды созбай жеткізіп берсе. Себебі қазіргі таңда біз Тайтөбе ауылы 5-6 метрлік скважниядан суды филтр қойып тазартып ішуге мәжбүрміз. Ал, 5-6 метрлік скважния дегеніміз ол цептикпен пара пар келіп тұр. Біз цептиктің суын филтрдан өткізіп пайдаланып отырмыз.

Бұл ауыл бұрын Целиноград ауданына қарасты болды. Қазір Қосшы қаласының құрамында. Құжаттарды ауыстырып, тексеріс жүретіндіктен ауыс су ауылға келесі жылы беріледі деп отыр.

Нұрлан САДЫРОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бітпеген жоба су құрылысының Қосшы қалаға берілді. Бірақ қазіргі уақытта құжаттама осы нысан бойынша экономикалық тергеу департаментімен бүкіл ісі алынды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.