Атырауға жұмыс сапарымен келген Экономика министрі Әлібек Қуантыров аймақ кәсіпкерлерімен кездесті. Бизнес саласы өкілдері жиі кездесетін мәселелерді бүкпесіз жайып салды. Әсіресе, отандық өнімді қолдауды сұрайды. Өнім бар, бірақ өткізу – өзекті. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің ставкалары, субсидиялау, коммуналдық төлемнің қымбаттығы, инфрақұрылым жүйелерін тартудағы қиындықтар етектен тартып тұр,- дейді. Шағын азық-түлік дүкені иелері банк картасы төлемінен ұсталатын қаржының тым көптігіне арызданды.
Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ең көкейкесті мәселелердің бірі бұл - «Даму» қорына қосымша республикалық бюджеттен қаражат қарастыру. Бұл мәселе бойынша министр жақын арада шешіледі деді. Ауылдық жерде кәсібіне шаруасына су тарту, электр желісін арту бойынша қолдаулар жоқ. Мемлекеттік қолдаулар кем дегенде өзінің жобасы 200 млн теңге болу керек. Сонда ғана кәсіпкерге инфраструктура мемлекет есебібнен тартылады. 200 млн төмендету бойынша кәсіпкерлер ұсыныс берді. Бұл ұсыныстар да минситрікпен қарастырылатын болады.
Жиында мәселелер ашық талқыланып, кейбір жағдайларда кеңес берілді. Атырау облысында мұнай-газ саласынан өзге бағытта өндіріс орындарын ашып, бизнесті әртараптындарудың маңыздылығын айтты. Ол үшін кәсіпкерлерді жан-жақты қолдайтынын айтты.
Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Аймақтың ерекшелігіне мән беру керек. Мемлекет тарапынан ауыл кәсіпкерлерін қолдау бойынша жақсы жұмыс жүріп жатыр. Мәселен, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша биыл 200 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Оған қоса 20 млрд жергілікті бюджеттен бөлінді. Біздің мақсат 2027 жылға дейін 3,5 мың елді-мекенге инфрақұрылым жүргізу. Бизнес тарап қосымша жұмыс орындарын ашу керек. Біздің мақсатымыз - бизнеске жан-жақты қолдау көрсету. Ал мұнай газ саласы бағытындағы аймақтар қосымша өндіріс орындарын ашу керек.. Ол бағытта Атырау облысының мүмкіндігі мол.