Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Кәсіпкерлердің мәселелері енді министрлердің қатысуымен шешілетін болады

28.07.2023ж. 20:00
590
Кәсіпкерлердің мәселелері енді министрлердің қатысуымен шешілетін болады

Кәсіпкерлердің мәселелері енді министрлердің қатысуымен шешілетін болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында экономиканы, кәсіпкерлікті және аграрлық саланы дамыту мәселелеріне арналған жиында «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев осылай деді. Сонымен қатар отырыста бизнесмендер вице-министрлерге көкейтесті сауалдарын қойды. Фермерлер мал азығына алаңдайды.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген кәсіпкерді дамытуға байланысты өздеріміздің жоспарларымыз бар. Соларды іске асыру. Енді жаңа форматтағы кеңестің ерекшелігі партия жанындағы кеңестің мүшелері бір, өңірлік атамекен өңірлік палатасының кеңес мүшелері екі, үшінші біздің фракцияның мүшелері үш. Өңірдің мәселелерін көтеруге бүгін мүмкіндік беріп отырмыз.