Ақмола облысының Целиноград ауданы Мәншүк елді-мекенінде соңғы үлгідегі сүт-тауар фермасының құрылысы жүріп жатыр. Нысан ең соңғы еуропалық технологиялар бойынша салынуда. Толық автоматтандырылған. Еңбек күшін азайтады. Фермада күніне 45 тонна сүт өндіріледі.
Тимур ПШЕНОВ, "МӘНШҮК АЭ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Бұл соңғы 15 жылдағы 1600 бас сауын малға арналған алғашқы жоба. "Деловаль" каруселі импорттық жабдықпен салынуда. Бұл заманауи еуропалық талапқа толық жауап береді. Жалпы бұл энергия үнемдеуге бағытталған.
Софиевка ауылында биыл "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша дәрігерлік амбулатория бой көтерді. 12 медицина қызметкері жұмыс істейді. Сондай-ақ, мәдениет үйі қайта жаңартылып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуде. Домбыра, би және вокал үйірмелер бар. Жас спортшылар үшінде жағдай жасалған.
Бекзат СҮГІРӘЛИЕВ, СОФИЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Жобалық қуаты 320 орынды құрайды. Бізде көптеген үйірмелер, домбыра, хореография, кітапхана бар. Үлкен спортзал бар, біз облыстағы ең жақсы ауылдық клуб ретінде 1 орынды иелендік.
Қосшы қаласы да дамып келеді. Халық саны да өсуде. Бірақ барлық мәселе шешілмеген. Мектепте орын жетіспеушілігі бар. Жергілікті билік оны рет-ретімен шешуге жұмыс істеп жатыр. Мәселен биыл Қосшыда бірден үш жаңа мектеп салынуда. Біреуі жаңа оқу жылында ашылады.
Гайдар ҚАСЕНОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мектеп жеке инвестициялар есебінен 7,5 млрд теңге салынды. Қосшы қаласында 1" Ы " сыныбы қашан болғанын өзіңіз білесіз. +Бұл жүктемені алып тастау үшін, біз 2 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. 1500 орындық біреуі - 2 ауысымда 3000 бала және тағы 1200 орындық мектеп.
Сонымен қатар, Қосшыда спорттық-сауықтыру кешені салынуда. Оны келесі жылы пайдалануға берілмек.