"Екатеринбург-Алматы" тасжолында КIA және "УАЗ" маркалы екі жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға 27 шілдеге қараған түні 588-шағырымда болған.
Оқиға туралы сигнал Қостанай облысындағы "Щербаково" тасжолы медициналық-құтқару станциясының диспетчеріне сағат 23:31-де түскен.
"Зардап шеккендердің арасында үш кәмелетке толмаған және екі ересек адам бар. Олардың барлығы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алды, екеуі шок күйінде болды", - делінген хабарламада.
Олар зардап шеккен бес адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Алтынсарин ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізген. Құтқарушылар өртті болдырмау үшін комби кескішті қолданып, аккумуляторды ажыратқан.