Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағандыда аудан тұрғандары жаңа асфальттың құрметіне дастархан жайып, отшашу атты

AstanaTV
29.07.2023ж. 11:17
679
Қарағандыда аудан тұрғандары жаңа асфальттың құрметіне дастархан жайып, отшашу атты

Әлеуметтік желіде дастархан басында жиналған адамдардың көңілді видеосы пайда болды. Автордың айтуынша, жеке сектор тұрғындары көшеге асфальттың төселуін осылай атап өтуді ұйғарған. Олар бұл оқиғаны көптен күткен, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Тату көршілер өз көшесінде - Солнечная көшесі мен Пичугин көшесі қиылысында, көптен күткен жаңа асфальтты осылай атап өтіп жатыр", - деп жазады портал.

Айтулы оқиғаның құрметіне арналған дастарханнан кейін көшеде отшашулар атылған. Жаңа жол төсеміне қуанған адамдар тіпті жолға акққайнар құйып жүргені көрінеді.

"Бұл қуанышты жеке сектордың тұрғындары ғана түсінеді. Өйткені, бізге ештеңе келмейді. Жаяу жүргіншілер жолы да, асфальт та, тіпті жарықтандыру да жоқ. Көктем мен күзде тізеге дейін лай кешіп жүреміз", - деп жазады желі қолданушылары.