$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бейнебақылау камерасын тексеру барысында 600 млн теңгені ұрлаған күдікті ақшаны жеңіне тығып, алып шыққаны белгілі болды

Бейнебақылау камерасын тексеру барысында 600 млн теңгені ұрлаған күдікті ақшаны жеңіне тығып, алып шыққаны белгілі болды

Қызылордада банктің қоймасынан 600 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікті қамауға алынды. Ол сонда кассир болып жұмыс істеген. Соңғы 3 жылдағы бейнебақылау камерасын тексеру барысында күдікті ақшаны жеңіне тығып, алып шыққаны белгілі болды. Экс-кассир ұрлаған ақшасын құмар ойынға жұмсағанын айтқан. Тергеу барысында букмекерлік кеңседегі оның атына тіркелген шотқа соңғы үш жарым жылда 158 млн теңге түскені анықталған. Сонымен қатар өзінің және жұбайының атына тіркелген абонеттік нөмірлерден де аударымдар жасалған.

Қанат АХМЕТОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Екінші деңгейлі банк контроллер-кассирінің үстінен ҚР ҚК 189 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни «Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу дерегі бойынша тергеп-тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.