Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алакөлге демалуға барған ер кісі аяғынан айырылды

31.07.2023ж. 20:00
893
Алакөлге демалуға барған ер кісі аяғынан айырылды

Алакөлде су мотоциклі жүзіп бара жатқан демалушыны қағып кетті. Зардап шегушінің аяғын жұлып кеткен. Оқыс жағдай Ақши ауылының маңында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Демалушылардың сөзінше, турист суға батып бара жатқан, оны құтқармақшы болған сәтте су көлігінің бұрандасы аяғына тиіп, тізеден жоғары бөлігі жұлынған. Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Меруерт МОРЯКОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факті бойынша Алакөл аудандық полициясының қызметкерлері айналысуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 344-бабы бойынша жүргізілуде.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 39 жастағы науқас Алакөл аудандық ауруханасына түскен. Сол аяғына операция жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы өте ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.