Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылордада 4 айдан бері мектептің құрылысы тоқтап тұр

Қызылордада 4 айдан бері мектептің құрылысы тоқтап тұр

Қызылорда қаласының іргесіндегі Бәйтерек мөлтек ауданында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысы 4 айдан бері тоқтап тұр. 600 орынға арналған білім ошағының іргетасы 2020 жылы басталған.

Айсұлу АЛТЫБАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жерді берген кезде 5 мектеп, 3 балабақша болады деп уәде берген. Әлі жоқ. Бір мектептің өзі әлі бітпей жатыр. Құрылысы міне төртінші жылға кетіп бара жатыр. Сиқы мынау.

Шағын аудан оқушылары 7 жылдан бері бірнеше шақырым жердегі мектептерге қатынап білім алады. Жолдың азабын тартқан халық балалары үшін алаңдаулы.

Дархан ИМАНҚҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сумкасын арқалағаннан азанғы сағат 7-де кешкі сағат 7-де бір-ақ тастайды ғой. Біреуі түстен кейін, біреу түсте бітеді. Екеуі бір-бірін күтіп жүргенде кешкі 7 болады. Сонда менің балаларымның бар өмірі маршруттың ішінде өтіп тұр ғой.

Жауапты басқармадағылар қазір құрылыс жұмыстарының 97 проценті аяқталды дейді. Сондықтан жаңа оқу жылында алғашқы қоңырау соғылады деп сендіріп отыр.

Қуаныш ӨТЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2021 жылы білім саласындағы бюджеттік сыныптамаға өзгеріс енгізіліп, тапсырыс беруші ауысты облыстық құрылыс басқармасына. Сол уақытта 8 ай уақыт кетіп, 21 жылдың қыркүйек айынан бастап құрылыс жұмыстары жалғасты. Қыркүйек айында аяқтауға толық мүмкіндік бар.

Мектеп құрылысына 1 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Бас мердігер соның өзі жетпей қалғанын айтады. Сондықтан құрылыстың тұралап қалғанын жасырмайды. Ал құрылысшыларға 14 млн теңге қарыз көрінеді. Соған қарамастан, білім ордасын 1 айда тапсырамыз деп әдеттегі уәдесінен жаңылмады.