Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақмола облысында медицина саласындағы кадр тапшылығы шешіліп келеді

AstanaTV
31.07.2023ж. 20:00
567
Ақмола облысында медицина саласындағы кадр тапшылығы шешіліп келеді

Ақмола облысында медицина саласында кадр тапшылығы шешіліп келеді. Мысалға, соңғы 3-4 жылда аймақтағы дәрігер жетіспеушілігі екі есеге қысқарған. Саладағы осы мәселені шешу мақсатында жергілікті қазынадан жыл сайын қомақты қаржы қарастырылады. Тек өткен жылдың өзінде 100-ге жуық жас маман жұмысқа орналасқан. Оларға 50 млн.теңге көлемінде көтерме ақы төленді. Бұдан бөлек, облыс әкімі грантының жемісін көріп отырған түлектер де бар.

Әсет ЖАҢАБЕРГЕНОВ, ДӘРІГЕР:

Менің оқуым ересектер және балалар неврологиясы бағытында 2 жылға созылды. Қазір медициналық резидент ретінде Көкшетау қаласының облыстық ауруханасының неврология бөлімшесіне жұмысқа орналастым. {Мен стационарлық түрде жұмыс істеймін және амбулаторлы түрде қабылдау өткіземін. }Әйелім де дәрігер, акушер-гинеколог. Екеуміз де туған жерімізге Көкшетауға оралдық. Әкімдік тарапынан сапалы қолдау болған соң бізге қызметтік баспана берілді.

Жалпы жергілікті сала мамандары алдағы уақытта грант санын көбейтуге ниетті. Бұл өз кезегінде өңірдегі дәрігер тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биыл "дипломмен - ауылға" бағдарламасы аясында 39 жас маманға қолдау көрсетіледі.

Саят ТОЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А:

Аймақта дәрігер тапшылығын шешу мақсатында жыл сайын 35 грант бөлінеді. Жалпы медициналық дәрігер бойынша 50 грант қарастырылған. Ал, орта арнаулы білім алатын түлектерге 174 грант беріледі. Жалпы осы жылы жергілікті ақ халаттыларға көтерме ақы төлеу мақсатында жергілікті қазынадан 120 млн.теңге бөлініп отыр.

Бұдан бөлек, аймақтағы 14 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың дені ауылдық жерде орналасқан. Құрылыс жұмыстарына қазынадан бір миллиардтан астам қаржы бөлінді.