Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Риддерде пара алған полицей шенінен айырылып, 7,5 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

AstanaTV
01.08.2023ж. 15:09
520
Риддерде пара алған полицей шенінен айырылып, 7,5 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында пара алған полицей шенінен айырылып, 7,5 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Риддер қалалық сотында пара алған полицейге қатысты сот ісі қаралды.

«Айыпталушы қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары болып қызмет еткен. Өз лауазымын асыра пайдаланған ол тіркелген қылмыстық істерді тоқтатамын деп әйел адамнан 250 000 теңге көлемінде пара алған», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сот шешімімен сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлігімен (құқық қорғау органы қызметкерінің ақша түріндегі пара алуы) кінәлі деп танылды.

30 жастағы ер адам полиция капитаны шенінен айырылып, 7 500 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.