Шымкентте 95 жастағы кейуана төсек-орындары мен жиһаз-бұйымдарын тарақандар мен жәндіктер басқан пәтерде тұрып жатыр. Отбасы жоқ жалғызбасты зейнеткердің үйінен тіпті өлген мысықтың құрттаған өлексесі де шығарылмаған. Ал көршілерінің айтуынша, зейнетақысын алып отырған кейуананың сіңлісі оны әркез сыртынан құлыптап кетеді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кейуана өмір бойы жұмыс істеп, жалғыз тұрған. Ардагердің отбасы жоқ. Көршілерден қиындықтарды біліп, оған еріктілер көмекке келген. Алайда олар ішінде өлі жануар, құрттар мен тарақандары бар пәтерге кіре алмаған.
Көршілерінің айтуынша әпкесі Мария Понамареваны үйден сирек шығарады екен. Үнемі құлыптап жауып тастайтын көрінеді. Әжейге отбасы оған үнемі қамқорлық жасап, көмектесетініне сендірген.
"Мен оған тамақ пен киім сатып аламын. Келіп кейде қарайласамын. Ал оны жаныма алуға қорқамын. Себебі ол ауырады. Ұрып айналасына зақым келтіруі мүмкін. Иә, оның зейнетақысын аламын, жұмсамаймын", – деді сіңлісі.
Тыл ардагерінің өзі журналистер мен әкімдік өкілдерін ашулы түрде қарсы алып, оператордың үстіне су шашқан. Бұл ретте оның үйінде мүлде азық-түлік жоқ болып шықты. Ал әжейдің жуынатын құралының ішінде өлі мысық жатты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері ардагер барлық төлемдерді, әр жолы 9 мамырда мемлекеттен 12 АЕК көлемінде сыйықыны алатынына сендіреді. Бірақ ардагерге әлеуметтік қызметкерлердің көмегін алуға ешкім өтініш білдірмеген.
"Бізге өтініш түскен жоқ, ардагерден оған әлеуметтік қызметкер бөлу туралы мәлімет болған жоқ. Сіңлісі бізге хабарласпады. Енді барлығын дайындап береміз", – деді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Ақнұр Бақытжан
Тұран ауданының әкімдігі әжейдің әңгімесімен айналысатындарын түсіндірді.
"Ол жерге мамандарды жібердік. Ардагерге не істеу керектігін шешеміз. Барлығын егжей-тегжейлі зерттеу керек. Облыста 300-ге жуық тыл ардагері мен бір соғыс ардагері бар. Қазір барлығын зерттеп, көмек көрсетуге тырысамыз", – деді Тұран ауданының әкімі Бақыт Мелдебеков
Жедел қызмет кейуананы пәтерден алып шығып, дәрігерлер оны тексеруге жіберді.