Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Үндістанда кран құлап, 17 адам қаза тапты

AstanaTV
01.08.2023ж. 21:06
879
Үндістанда кран құлап, 17 адам қаза тапты

Үндістанның батысында Махараштра штатында көпір құрылысы кезінде кран құлап, 17 жұмысшы қаза тапты, тағы бірнеше адам үйінді астында жатыр. Оқиға Шахапур ауданына жақын маңда, ел астанасы Мумбаи штатынан 80 шақырым қашықтықта болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ел премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтты.

Билік қаза тапқандардың отбасына 200 000 рупий (2430 АҚШ доллары) және зардап шеккендерге 50 000 рупий (608 АҚШ доллары) көлемінде көмек көрсететінін жариялады.

Кем дегенде үш адам ауруханаға жеткізілді.

Үндістанда ірі құрылыс алаңдарындағы қайғылы жағдай – қалыпты іс.

Былтыр қазанда Гуджаратта көпір құлап, оны жөндеу кезінде 130 адам қаза тапқан болатын.

2016 жылы Калькуттада адам толы көшеде эстакада опырылып, 26 адам мерт болған еді.