Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мәжіліс депутаты Сергей Дьяченко ауыр дерттен көз жұмды

AstanaTV
26.10.2016ж. 20:00
2078
Мәжіліс депутаты Сергей Дьяченко ауыр дерттен көз жұмды

Мәжіліс депутаты Сергей Дьяченко көз жұмды. Ауыр дертке шалдыққан азамат бұл дүниемен қоштасты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев депутаттың туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ал Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысы спикер Нұрлан Нығматулин қаралы хабарды жеткізген соң, бір минут үнсіздіктен басталды.

Сергей Дьяченко 65 жасқа қараған шағында дүние салды. Ол саналы ғұмырының басым бөлігін халыққа қызмет етуге арнады. Мәжілістің үшінші, төртінші және бесінші шақырылымының депутаты ретінде заң шығарушы органның жұмысына елеулі үлес қосты. Сондай-ақ Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Ерен еңбегі үшін әрі жылдары жоғары наградалармен марапатталған. "Ол өзінің білімі мен тәжірибесін елдің игілігіне жұмсады". Осылай деген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ