Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ата-анасын қолына көшіріп алған Бүркіт отбасы туралы эксклюзив сұхбат берді

AstanaTV
02.08.2023ж. 18:10
839
Ата-анасын қолына көшіріп алған Бүркіт отбасы туралы эксклюзив сұхбат берді

Жақында ата-анасын қолына көшіріп алған Бүркіт лақапатымен танымал Айбек Сейітов көшу процесі туралы айтты. Оның айтуынша, қарт ата-анасы Тараздан Алматыға көшуді қиын қабылдаған.

Бұл туралы өнер иесі Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында бөлісті.

"Ата-анамызды көшіріп алғанымызға 1 ай болды. Тараздағы үйді саттық, өйткені онда үлкен ағамнан басқа ешкім қалған жоқ. Немерелері де, бәрі де осында (Алматыда - еск.). Сондықтан өзіміздің қолымызға алдық. Әкем 86-да, анам 81-де. Оларға күтім керек, олар қартайған сайын кішкентай балалар сияқты. Біз жаңа үй салып бітірдік. 1 аулаға 2 үй салдық", - деді ол.

Оның айтуынша, ата-анасын Алматыға көшу үшін 10 жыл көндірген.

"Тараздан Алматыға көшуді қиын қабылдады. 10 жылда зорға көндірдік. Кейде әкем "қой, ауылға қайтайық" деп қалатыны бар, өйткені сағынады ғой, өмір бойы ауылда тұрған адамдар. Ал анам көнді, немерелерінің қасында. Кітап оқытады, сабағын қарайды. Үйде курорт сияқты ғой", - деді Бүркіт.

Айбек Сейітов әйелі мен ата-анасының қарым-қатынасының жақсы екенін жасырмады.

"Ата-анам мен әйелім арасындағы қарым-қатынас жақсы. Аишаға үйдің барлық жұмысын істеу қиын болар еді, сондықтан көмекшілеріміз бар. Ата-анамызға қарау қиынға соқпайды. Аиша кішіпейіл ғой, сөзге келіп қалу деген жоқ, оның үстіне, анам да келіндерін қатты сыйлайды".

Өнерпаз әлеуметтік желі арқылы табатын табысы туралы да сөз қозғады.

"Арнайы контент жасаймыз. Мысалы, Instagram желісі маған тек танымал болу үшін емес, ол жақта да жұмыс жүріп жатыр, ақша тауып жатырмын. 75 пайызы контент десем болады", - деді өнер иесі.