Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыдағы Ақжар шағын ауданының 22 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етілді

02.08.2023ж. 20:00
1123
Алматыдағы Ақжар шағын ауданының 22 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етілді

Бүгін Алматыдағы Ақжар шағын ауданы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Себебі шағын ауданның 22 мыңнан астам тұрғыны жер асты көздерінен үздіксіз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қала билігі бұдан былай мұнда жаз айларында ауыз су мәселесі болмайды деп уәде етіп отыр.

Әбіш СҰЛТАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

2002 жылдан бері осы жерде тұрамын. Бірақ біз келгелі бұл жерде су болған емес. Қыста болады, бірақ көктемге қарай су тоқтайды. Ішкенге, күнделікті тұтынғанға, бау бақшасы бар егетін, соны суғарғанға да су керек қой. Бүгін енді суды берді деп жатыр. Енді келіп жатса, болып жатса, біз қуаныштымыз, әрине.

Бүгінде жалпы ұзындығы 3,4 км жаңа құбырды сығымдау аяқталды. Нәтижесінде Ақжар шағын ауданындағы жаңа су құбыры тармағы мен сорғы станциясы іске қосылды. Ақжар шағын ауданының сумен жабдықтау және кәріз жүйесін дамыту жобасын іске асыруды аяқтау барысында мұнда 28,8 км желі салу көзделген.

Серік ШАҒЫРОВ, «АЛМАТЫ СУ» МКМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Ақжар» ықшам ауданында жарты жылдың ішінде үлкен нысан салынды. Яғни, қазіргі біз тұрған «Премьера» жер асты су қоймасының бір бөлігі. Осы жерде арнайы бес ұңғыма іске қосылды. Және мынау сүзгі станциясы, одан басқа су қоймасы іске қосылды және сүзгі станциясы. Яғни, осы жерден, жер асты су қоймасынан Ақжарға кешеден бастап су берілетін болды. Келе жатқан бір аптаның ішінде толығымен қысымдарды реттеу, көше - көше суды тарату жұмыстары жалғасады.

Биыл Қарғалы өзенінде жаңа сүзгі станциясының құрылысы бітеді. Сондай-ақ 2025 жылға дейін Ақсай өзенінде осындай сүзгі станциясының құрылысын аяқтау