$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада QazaqGaz қызметкерлеріне арналған "Stop ДТП " акциясы ұйымдастырылды

02.08.2023ж. 20:00
1023
Астанада QazaqGaz қызметкерлеріне арналған "Stop ДТП " акциясы ұйымдастырылды

Астанада QazaqGaz қызметкерлеріне арналған "Stop ДТП " акциясы ұйымдастырылды. Онда қызметкерлерге жол-көлік оқиғаларын төмендетіп, көлік қозғалысы кезінде белдікті тағудың маңыздылығын түсіндірілді. Сондай-ақ жолда орын алу арнайы имитатор тренажердің көмегімен көрсетілді. Арнайы құрылғы көліктердің бетпе-бет соқтығысқан жағдайына имитация жасайды.

Ғибрат АУҒАНОВ, "САМҰРЫҚ - ҚАЗЫНА" АҚ КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУ, ӘЛЕУМЕТТІК - ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Тренажорды тәжірибе ретінде QazaqGaz ұлттық компаниямыз өздерінің әр өңірлерінде өткізіп жатыр. Ақтөбе, Орал соңғысы Қостанай қаласында өтті. Бүгін Астанада өткізіліп жатқан ең бірінші себебі, QazaqGaz-дың еншілес компаниялардың бірінші басшылары өзінің еңбек қуіпсіздігін, мәдениетін көрсетіп енді айтады ғой бірінші өзіннең баста деп.

Портфельдік компаниялардың 700-ден астам қызметкерлері имитатор тренажерды сынақтан өткізілді. Құрылғы сағатына 12 шақырымдық жылдамдықты алады, тіпті соқтығысқан жағдайда адамның көңіл күйіне дейін анықтайды. Іс-шара QazaqGaz компаниялар тобының 2023 жылға арналған өндірістік қауіпсіздігі жоспарын іске асыру аясында өткізілді.

Санжар ЖАРКЕШОВ , "QAZAQGAZ" ҰҚ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

QazaqGaz ұлттық компаниясы мемлекет бойынша стратегиялық нысандарды қамтамасыз етеді, жұмыстарың қамтамасыз етеді. Ол біріншіден газ тасымалдау құбырлары 21 мың шақырымнан астам тасымалдау магистралды құбырлары бар. Екіншіден 63 мыңнан астам региналдық желістері бар. Сондықтан ол үлкен қашықтықтар. QazaqGaz ұлттық компаниясының басты құндылығы адами капитал, адамдар олардың өмірлері, денсаулықтары. Сондықтан соның қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін QazaqGaz ұлттықұ компаниясы мемлекет бойынша үлкен шаралар өткізеді. Біз негізі былай қарасақ өндірістік компаниямыз сондықтан күнделікті тәуекеліміз, қауіпіміз өте көп. Сақтықта қорлық жоқ. Жол көлік апаттарынан аман болайық.

Айта кетейік, статистика комитетінің мәліметінше өткен жылы елімізде 13,5 мың жол көлік оқиғасы тіркелген. 20 мыңға жуық адам зардап шеккен.

 көзделген. Бұл іс-шаралар Наурызбай ауданының 150 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.