Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Мен қазір Астанадағы орталық базарлардың біріндемін. Бүгін ауылдан ата-анам келеді. Соған байланысты үйге азық-түлік алуым керек. Енді бізге әзірге айлық түскен жоқ. Сондықтан менде бар қаражат тек қана 10 мың теңге. Көрейік, 10 мыңға қандай азық-түлік ала аламыз.
Ең бірінші онда мен тамаққа дәмді салат дайындау үшін қияр мен қызанақ алғым келіп тұр. Бір келі салып бересіз бе, аға? + Өткен жылы қанша теңге болды?
Ескендір, САТУШЫ:
Өткен жылы 200 теңге болды. – Биыл сонда 100 теңгеге қымбаттады ғой? – 50-100 теңгеге қымбат.
Ыбырай, САТУШЫ:
Қаншадан болып жатыр? – Қарбыз - 150, қауын – 350.
Пияз қанша? - 280-300. – Картоп? – 280.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Міне, құрметті көреремен! Осының өзіне менде 3 мың-4 мың теңге кетті.
Менің ең қатты жақсы көретін жемісім. Дәмін көрейік. – 1070 теңге. – Мың теңгеге ала беріңіз. – Рақмет.
Қаймақ қаншадан болып жатыр аға? – 1500-ден. – 1400-ге берсеңіз алайын.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Міне, жана өздеріңіз көргендей, мен 10 мың теңге алып шыққан едім. Көп нәрсе алмаған секілдімін. Бар болғаны 3 пакет қана. Осының өзіне 10 теңге кетті.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Не алып жатсыз? – Огурцы, помидор. +Пияз, бәрі қымбаттап кетті ғой.
- Бір аптасына 100 мың теңге кетіп қалады, продуктыдың өзіне.
- Қызанақ алдым, баклажан алдым. – Екеуі қанша шықты? – 915.
- Үйге тамақ алдым. –Шамамен 70 мың бар ма мұнда? – Жоқ. -20? – Иә. – Қанша күнге жетеді? – 2-3 күнге.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Бұрын анаммен базарға келген сайын балмұздақ жейтінмін. Сол әдетті еске алып отырмын. Ең керек деген азық-түлікті алдым. Мен жобалап шыққан ақша жеткен жоқ. Сондықтан тізімнен біраз азық-түлікті сызып тастауға тура келді.