Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтауда жұмыссыздық мәселесін жою «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің басты назарында

AstanaTV
26.10.2016ж. 20:00
1825
Ақтауда жұмыссыздық мәселесін жою «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің басты назарында

Ақтауда соңғы уақытта жұмыссыздардың саны артып келеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының өкілдері айтты. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымын тыңдаған депутаттар осы жағдайды аңғарған.

Көп балалы ана Ақкүміс Шейхинаның күйеуі биыл қайтыс болған. Асыраушысынан айрылған отбасы қазір балаларға берілетін 35 мың теңге жәрдемақыға күн көреді. Шарасыз ана ұлына жұмыс сұрай келіпті.

Ақкүміс Шейхина, Ақтау қаласының тұрғыны:

Отбасымда асыраушының жоқтығынан «Маңғыстау МұнайГазға» әкесінің орнына жұмысқа қабылдауын сұраймын, «Нұр Отаннан».

Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі  алуан түрлі. Біреулер құжат рәсімдеуден шаршағанын алға тартады. Енді бірі бала бақшаға кезекке тұра алмай әлек болып жүр. Арасында билік өкілдерінен қысым көргендер де бар. Дегенмен негізгі мәселе жұмыссыз азаматтарды еңбекке орналастыру,-дейді нұротандықтар.

Абай Құбанов, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қиын жағдайдағы азаматтар бар. Соны «Нұр Отан» партиясымен бірігіп шешуге тырысып жатырмыз. Әрине, мұнай саласына орналасу қиын, кризис дегендей. Бірақ жеке меншік орындар мен мемлекеттік орындарға  орналастырамыз.