Атырау облысы Құлсары қаласында 2003-2004 жылғы жастар төбелесіп, біреуі жарақат алды. Оқиға түнгі уақытта болған. Видеода жастар тіпті бір-біріне жарылғыш заттар лақтырып, айналаның өртеніп жатқаны көрінеді. Салдарынан 2004 жылы туылған азамат түрлі дене жарақаттарын алды. Полиция мәліметінше, күдіктілердің барлығы анықталып, олардың үшеуі қамауға алынған. Тәртіп сақшылары ұсталғандардың екеуі 2004 жылы, біреуі 2003 жылы туған жасөспірімдер екенін айтты. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.