$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Тамыздың ортасында мектеп формасы тағы қымбаттайды», - сатушы

04.08.2023ж. 20:00
859
«Тамыздың ортасында мектеп формасы тағы қымбаттайды», - сатушы

Мектеп формасы тағы қымбаттауы мүмкін. Оған әлемдік нарықта мата бағасының өсіп, жеткізу құнының шарықтауы себеп. Тұрғындар болса оқуға қажет құралдардың құны онсызда арзан емес, тағы өссе не болады – дейді.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Осы екі балаға қазір 70 мың теңге кетті бүгіндікке. Әлі киім алған жоқпыз.
- 60-70 мың былайда кетеді ғой. Сөмкесі бар, аяқ киімі бар.
- Бәрі қымбат. Сумкалары бар, құрал-жабдықтары бар.

Қымбатшылықты сатушылар да мойындайды. Олар отандық өндірістегі мектеп формаларының көтерме бағасы қалтаға ауыр тиеді - дейді. Сондықтан көршілердің арзан тауарын әкеп сатады.

Қорған АМАНГЕЛДІ,ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Біз өзіміз үстіне 1-2 мың теңге қосамыз. Негізі біздікі күнкөріс қой.

Сатушылардың айтуынша, тамыздың ортасында мектеп формасы тағы қымбаттауы мүмкін.

Баға осылай шарықтай берсе, көпбалалы отбасылар қайтпек? Биыл "Мектепке жол" республикалық акциясы шеңберінде 450 мың мұқтаж балаға көмек көрсетілді. Қажетті құралдарды алу үшін әр балаға - 40 567 теңге берілді. Бұл қаражат көлемі елімізде белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес белгіленген.

Еділ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Көмек барлық мұқтаж отбасыларға көрсетіледі. Бізде жалпыға бірдей білім беру қоры жұмыс істейді. Мәселен, биыл қордан оқушылар үшін мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға 18,7 млрд теңге бөлінеді.

Жаңа оқу жылында мектепке баратын оқушылар саны – 3,5 миллион. Оның 380 000 мыңы 1-сыныпқа қабылданады.