Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеава Монреаль мастерс турнирінде бақ сынайды

AstanaTV
05.08.2023ж. 15:24
703
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеава Монреаль мастерс турнирінде бақ сынайды

Монреаль қаласында 7-13 тамыз аралығында өтетін WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі, турнирдің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингте 1056-орында тұрған америкалық Дженнифер Брэдидің біреуімен шеберлік байқасады.

Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко да осы мастерс додасында бақ сынайды.

Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстарынан өтуге тырысады. Ол ертең рейтингте 860-сатыдағы канадалық Мия Купреспен кездеседі. М.Куперсті жеңсе, іріктеу сайыстарының финалында қос аустралиялық, әлемнің 114-ракеткасы Кимберли Биррел немесе рейтингте 163-сатыдағы Дарья Сэвиллдің біреуімен жолығады.