$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Жұмыс істеуіме қарсы болды": актриса Жанель Мақажан бірінші некесі жайлы жан сырын ақтарды

AstanaTV
07.08.2023ж. 12:34
1320
"Жұмыс істеуіме қарсы болды": актриса Жанель Мақажан бірінші некесі жайлы жан сырын ақтарды

Отандық актриса Жанель Мақажан осыдан бірнеше жыл бұрын екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Өнер иесі алғашқы некесінде өмірі мен бұрынғы күйеуіне қаржылай тәуелді болған күндерін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бірінші некемнен ажыраспағанымда, мен қазіргідей қаржы тауып, біреуге тәуелсіз бола алар ма едім? Меніңше, жоқ. Менің бірінші некедегі жұмысым бала тәрбиелеп, үй жинап, ас дайындаумен шектелер еді. Бірінші некеден ажырасқаныма бақыттымын. Себебі, ешкім маған қалай өмір сүру керектігін үйретпейді, ешкім балаларымды қалай тәрбиелеу керектігін айтпайды. Егер сол кезде ажыраспағанымда, қазір қайда болар едім? Бұрынғы некем үшін мен театрды, түсірілімдерді тастадым. Өзімнің бар табысымнан айырылдым. Бұрынғы күйеуімнің отбасы менің жұмыс істеуіме, достарыммен кездесуіме, өзімді әлеуметтік желіде көрсетуіме қарсы болды. Мен 7 жыл бойы өзімді дамыта алмадым. Сондықтан кішкентай балаларымды алып, күйеуімнен кетуге бел байладым", - деп жазды Жанель Мақажан Instagram парақшасында.

Сонымен қатар актриса бірінші некесінде күйеуіне қаржылай тәуелді болғанын да ашып айтты.

"Мен жұмыссыз едім, барар жерім жоқ. Бұрынғы күйеуіме қаржылай тәуелді едім. Мені киноға түсуге де, театрға да алмады. Өте қиын болды. 30-40 мың теңге айлық алуға келді. Сол кезде күйеуіңе қаржылай тәуелді болмаудың маңызын түсіндім. Мұны ертерек түсінгенде, мен 30-40 мың теңгемен жүрмей, үй мен көлігімді алар едім. Сонымен қатар жеті жыл бойы шыдап жүре бермей, балаларымның жағдайын жасар едім. Осының бәрін еске түсіріп, көзіме жас келді. Әйелдер бар жақсылыққа, арманын жүзеге асыруға лайықты. Өмірде әрдайым өзіңді және балаларыңды таңдау маңызды. Қиын болса да, сіздің қолыңыздан келеді. Оның үстіне қазір мүмкіндіктер көбірек. Өзгелерді тыңдап, біз бақытсыз өмір сүреміз. Ал мен балаларыма бар мүмкіндікті жасағым келеді", - деді Жанель Мақажан.