Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Нағыз Барби": қуыршақ образындағы Балжан Бидаш көпшілікті таңғалдырды

AstanaTV
07.08.2023ж. 12:51
1488
"Нағыз Барби": қуыршақ образындағы Балжан Бидаш көпшілікті таңғалдырды

Әнші Балжан Бидаш желіге тараған хит трендті жалғастырды. Өнер иесі Instagram желісінде бірнеше қуыршақ образын көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Барби образы қалай шыққан?", - деп сұрады әнші көпшіліктен. Ал желі қолданушылары Балжан Бидаштың образына таңғалғанын жарыса жазды. "Нағыз Барби", "Керемет", "Ең күшті видео Балжандыкі болды, мойындайық", "Кейбірі түрі ұқсамаса да түсіріп жатыр", "Қанша Барби көріп жатырмыз. Сіздің образ қатты ұнады", "Осылай түсіру керек", "Балжанның видеосынан кейін трендті жабу керек", "Күнделікті өмірде осылай жүрсеңізші", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, видеода әнші қуыршақтың жеті түрлі образын көрсетеді.