Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бриллиант, AirPods Max: сүйіктісінің отбасына киіт кигізген кореялық күйеу бала Желіде талқыға түсті

AstanaTV
07.08.2023ж. 13:56
8368
Бриллиант, AirPods Max: сүйіктісінің отбасына киіт кигізген кореялық күйеу бала Желіде талқыға түсті

TikTok-та кореялық құдаларын шашумен қарсы алғандардың видеосы қызуға талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Желіде тараған видеолардың бірі 4 миллион қаралым жинаған. Кадрларда Кореядан келген құдалардың қолдарындағы кәде-сыйлар да көрінеді. Бір қызығы құда болып 3 ер адам ғана келген. Ал ұзатылғалы жатқан қыздың есімі Айдана екен.

"Кореядан құдалар келді. Көшеде шашумен қарсы алдық. Таңертең құдаларды қарсы алу үшін үйге туыстар жиналды. Бұл уақытта бөлмемде тығылып, терезеден қарап тұрдым", - деп жазған ол.

Сондай-ақ, Кореяда той алдында сыйлық алмасу рәсімі орындалады екен. Бұл видео 6 миллионға жуық қаралым жинаған.

"Кәрістерде той алдында сыйлық алмасатын дәстүр бар. Жігіттің үйінен қыздың үйіне жіберілетін сыйлық "йемуль" деп аталады. Әдетте ол - қымбат, бренд заттар, косметика немесе аксессуарлар", - деп жазған қыз. 

Кадрлардан кореялық күйеу бала кайын әпкесіне AirPods Max, сағат, қайын енесіне бриллиант, косметика, ал қайын атасына аяқ киімнен бастап спорттық үлгідегі киімдер сыйлағаны көрінеді. Сондай-ақ, сыйлықтар кинодағыдай арнайы матаға оралған.

Желідегілер бұл салтты қазақтың киіт кигізу салтына ұқсастырған.

"Иә! Біздің "киіт кигізу" салтымен ұқсас", "Таза қазақтың салты, құдалыққа киілетін сыйлар", - деген олар.

Ұзатылғалы жатқан қыздың сөзінше, қалыңдық тарапынан берілетін сыйлық "йедан" деп аталады екен.

"Йеданды" оның отбасы Кореядан Қазақстанға келген табыстауды ұйғардық", - деген ол.

Желі қолданушылары арасында бұл видеоларға түрлі пікір жазылған:

"Шашуды теріп қояды", "Жастар бақытты болсын", "Құдалықтарыңыз мың жылдық болсын. Әйтеуір түрлері бізге ұқсайды", "Айдана, көзіме жас келді. Бақытты болыңыздар", "Кәмпитке таңғалып тұрған шығар", - дейді әлеуметтік желідегілер.