$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шымкентте жағымсыз иіс ауаға таралған зиянды қалдықтардан шыққан

AstanaTV
27.10.2016ж. 20:00
3149
Шымкентте жағымсыз иіс ауаға таралған зиянды қалдықтардан шыққан

Шымкентті жайлаған жағымсыз иістің себебі белгілі болды. Өткір иіс атмосфераға зиянды қалдықтардың таралуынан шыққан. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне «Қазгидромет» орталығының Шымкенттегі өкілдері айтты.

Шаһардың бірнеше жерінде жылжымалы зертханамен жұмыс істеген мамандар, Қарабастау елдімекені мен  мұнай өңдеу зауыты орналасқан аумақтардың ауасын тексерген. Алынған сынамалар оң нәтиже берді. Яғни ауада зиянды заттардың бары анықталған. Дегенмен оның шекті мөлшерден көп еместігін алға тартып отыр. Жағымсыз иістің таралу себебін өзге де құзырлы орындар анықтауға кіріскен.

Алтынай Атамбаева, «Қазгидромет» РМК ОҚОФ жетекші инженері:

Қарабастау елді мекенінен диоксид азоты 4,7 ПДК  көрсетті. Ол дегеніміз жоғарғы ластауыш деңгейінен төмен. Ол адам денсаулығына зиян емес. 5 ПДК-дан жоғары болғанда ғана, адам денсаулығына зиян болады. Мұнай зауыты аумағында алынған сероводород 1,2 ПДК көрсетті.