Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Лилия Рахтың адвокаттары судьяға наразылық білдірмекші

AstanaTV
27.10.2016ж. 20:00
1732
Лилия Рахтың адвокаттары судьяға наразылық білдірмекші

Лилия Рахтың адвокаттары судьяға наразылық білдірмекші. Бұл туралы Алматыда жалғасқан сот отырысында қорғаушылар айтты. Жәбірленуші сән әлемінің белді кәсіпкері Лилия Рахтың кінәсі жоқ екенін айтып, оған қатысты талап арыздан бас тартқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Мұны естіген адвокаттар бас айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы сотқа өтініш білдірген. Бірақ істі қарап жатқан судья Қуаныш Әріпов оны қанағаттандырмады. Бүгінгі сот процесінде тыңдалған куәгерлер де Лилия Рахтың мәселені әу-баста заң аясында шешуге ұмтылғанын айтты.

Гаухар Сәлімбаева, Л. Рахтың адвокаты:

Біз судьяның өтінішті қолдамағанын растайтын шешімді әлі алған жоқпыз. Мұны қалай түсінуге болады? Лилия Рах Өзбекстан азаматы Хамро Сувановты ұрлаған жоқ. Оның кінәсіз екенін дәлелдеп шығу үшін бар күшімізді салатын  боламыз.

Еске салайық, алматылық  кәсіпкер Лилия Рах үш сыбайласымен "Адам ұрлады" деген күдікке ілінген болатын. Қалалық ішкі істер департаментінің ақпарынша, олар Өзбекстан азаматын ұрлап, зорлықпен ұстап отырған.