Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырау – Астрахань пойызында жазғы лагерге демалуға бара жатқан жасөспірім қайтыс болды

07.08.2023ж. 20:00
1208
Атырау – Астрахань пойызында жазғы лагерге демалуға  бара жатқан жасөспірім қайтыс болды

Атырау – Астрахань пойызында жазғы лагерге демалуға бара жатқан жасөспірім қайтыс болды. Ол өзге қатарластарымен бірге Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» шипажайына шыққан. Қасында 73 оқушы мен 4 тәлімгер болған. Пойыз қозғалғаннан кейін бір жарым сағаттан соң балалардың бірі өзін жайсыз сезінген. Нарын станциясына келген жедел жәрдем қызметкерлері жасөспірімнің қайтыс болғанын анықтаған.

Ләззат ҚАСЫМЖАНОВА, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта Атырау-Астрахань бағытындағы жолаушылар пойызында кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сараптама тағайындалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.