Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Облыс кәсіпорындарында қауіпсіздік шараларын күшейту қажет», - Н.Ноғаев.

07.08.2023ж. 20:00
962
«Облыс кәсіпорындарында қауіпсіздік шараларын күшейту қажет», - Н.Ноғаев.

Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзен қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті. Мәселен, жыл басынан бері өңірде алты адам қаза тауып, 19 адам жарақат алған. 13 жұмысшы ауыр жарақат алды. Жаңаөзеннің өзінде бір адам қаза тапты.

Нұрлан НОҒАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Әрдайым қырағылық ең бірінші өздеріннің денсаулық, еңбектеріңізге, өмірлеріңізге қауіп төнбейтің жағдай. Қандай да бір қауіп болатын болса басшыларға мына жерде цехтың бастықтары жүр осы жерде соларға айту керек. Ең бастысы бұл жерде еңбек қауіпсіздігі жігіттер. Сіздер тәжірибелі мамансыздар міне күнделікті келетін инструкторлар болады күнделікті болады, мерзімді болады, оқыту болады жанағы еңбек қауіпсіздігінен соған көңіл бөлу керек.

Аймақ басшысы қауіпсіздік шарасынан бөлек, өндіріс орындарының даму диномикасымен танысты. Нұрлан Ноғаев жергілікті кәсіпорындары өңір экономикасын ілгерлетуге қосып отырған үлесін ерекше атап өтті. Ет өңдейтін зауыттар мен, коммуналдық, медициналық, әлеуметтік нысандарды аралап, шығармашылық үйінде болды.

Балқия ТҮРІКМЕНБАЕВА, МҰҒАЛІМ:

Оқушыларға оң қолынан өнер тамған өнер майтаплманың шығарғым келеді. Көп деген оқушылардың осы өзі қалалы, респукбликалық сайыстардан жүлделі орындар алып келе жатыр. Осы жылдар бойында мен оқушыларыма көркем тігісінен, тоқымадан және де моншақпен жұмыс. Әр түрлі оюулы жұмыстармен сабақ үйретіп келе жатырмын.

Айта кетейік, жұмыс сапары барысында аймақ басшысы өсімдік питомнигінде болды. Мұнда 400-ден астам жеміс ағаштарының көшеттері, асқабақ пен жүгері өседі. Сондай-ақ, балабақша жұмысымен танысты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды атпен серуендетуге жағдай жасалған.. Алдағы уақытта ағаштарды көбейтіп, балаларға арналған иппотерапия жобасын кеңейту жоспарлануда.