Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордада облыстық ауруханада ем алып жатқан әйел балконнан секіріп кетті

Қызылордада облыстық ауруханада ем алып жатқан әйел балконнан секіріп кетті

Қызылордада облыстық ауруханада ем алып жатқан әйел балконнан секіріп кетті. 62 жастағы науқасқа жедел көмек көрсетілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша, ол 1 тамыз күні ауруханаға жедел жәрдем көлігімен келіп түскен. Басының ауруына, ұйқысыздыққа, әлсіздікке шағымданған екен. Құзырлы орындар аталмыш оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті.

Жаңыл АБУБАКИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түскен кезде де сұраққа онша жауап бермей көбінесе сөйлемей, тұйық болып. Сөйтіп ем алу барысында жай-жай жүріп, клиникалық жақсару белгілері анықталған. Амблоторлы емді алып жүріп бізге осындай нашарлаумен келіп түсті ғой.