Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылжар өңірінде мас жүргізуші ерлі-зайыптыны көлікпен соғып, оқиға орнынан қашып кеткен

07.08.2023ж. 20:00
584
Қызылжар өңірінде мас жүргізуші ерлі-зайыптыны көлікпен соғып, оқиға орнынан қашып кеткен

Қызылжар өңірінде мас жүргізуші ерлі-зайыптыны көлікпен соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында болды. Кешқұрым ауыл тұрғындары Қарақоға мен Надежка елді-мекендерінің арасындағы жолда екі адамның мәйітін көрген. Және сол маңайда бесік арбаның ішінде жатқан бір жасар баланы байқаған. Абырой болғанда, сәби дін аман қалды. Тәртіп сақшылары жедел шаралардың нәтижесінде бет жағы майысқан лэнд крузер көлігін тауып алған. Ізінше темір тұлпардың 39 жастағы жүргізушісі кінәсін толық мойындады.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жүргізілген медициналық куәландыру тайота лэнд крузер жүргізушісінің масан күйде екенін көрсетті. 2022 жылы туған бала жарақаттар алмағаны белгілі болды. Қазір бала Орталық ауылындағы балалардың бөлімі мамандарының бақылауында.

Қызылжар өңірінде мас жүргізуші ерлі-зайыптыны көлікпен соғып, оқиға орнынан қашып кеткен