$498.51 €522.84 ₽4.81
×

"Үйіме бір барып келгенмін". Танымал актриса күйеуін қызғанып, қандай жағдайға тап болғанын айтты

AstanaTV
08.08.2023ж. 16:13
2161
"Үйіме бір барып келгенмін". Танымал актриса күйеуін қызғанып, қандай жағдайға тап болғанын айтты

Танымал актриса Жәудір Сарыпбекова бір кездері күйеуін қатты қызғанын айтты. Бұл туралы өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Актрисаның сөзінше, босанғаннан кейін күйзеліске түскен. Осылайша, күйеуін қызғана бастаған.

"...Декретке шыққанда, депрессияға отырып аламын. Бүкіл әлемдегі әйел үйде отырып қалса, депрессияға түсетін шығар. Депрессиям қызғаншақтық ғой. "Қай жерде келе жатсың" деп хабарласа беремін. Бір театрда істегеннен кейін қай уақытта шығатынын білемін. Қыздардан "жұмыс бітіп қалды ма" деп сұрай саламын. Еркектердің өзара әңгімелесетіні бар, есік алдына келгенде біреуді көріп қалатыны бар. Маған дайындық жасап, "давай, давай" деп, үйге келу керек сияқты. Мен сол уақыттарды есептеймін. Мамама хабарласып, қызғаныштан құтырып кеткен кездерім болды. Бір күні мамам "сен қайт, болмайды екенсің ғой, ажырастырсам, ажырастырып ала салайын, болмашы нәрсеге ұрыса бересіңдер" деп қайтарып алды. Қазір ойласам, "неге анама айттым, анамды уайымдататын проблема ма еді?" деп ашуым келеді. 4-5 жыл болды, жеңдім (қызғанышты - еск.)", - деді ол.

Тіпті актриса қызғаныштан жұбайының телефонын тексеретін әдеті болғанын да жасырмады.

"Телефон тексеретін едім. "Неге жазасың, неге ол саған жауап берді" деген нәрседен шығады ғой оттың бәрі. Сондықтан мүлдем телефонын қарамаймын. Есесіне рақат. Сол телефонның арқасында бір рет үйге барып келгенмін ғой", - деді актриса.