Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ішімдік ішкен ана баласын аяусыз ұрды

08.08.2023ж. 20:00
1928
Ішімдік ішкен ана баласын аяусыз ұрды

Бұл - әлеуметтік желіде тараған видео. Таспадан ішіп алған анасы баласын аяусыз ұрып жатқанын байқауға болады.

Алия НИ, БАЛАЛЫҚ ШАҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мұндай видеолар желіде көп тарап кетті. Баланы ұру жақсылықтың нышаны емес. Физикалық зардабын ескермегенде, оның психикасы құртылуы мүмкін. Ата-анаға деген реніш, өкпе ауруға алып келеді.

 Иә, баласын ұратын отбасылар аз емес. ЮНИСЕФ дерегінше, елдегі ата-ананың 67 проценті бүлдіршінін ұрып тәрбиелейді.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Айтқанын тыңдамаса болады ғой анда-санда.
- Анасы ұрады. Құйрықтан шапалақпен кішкене.
- Балалар тыңдамаса ұрамын.
- Ұруға қолым батпайды екен.
- Бұрышқа тұрғызып наказать еттім.

 «Бізді де талай ұрған, жаман болған жоқпыз». Бұл үлкендердің "тығырықтан шығатын" сөзі. Ал, кішкентайлар не дейді?

БЛИЦ-ОПРОС:

 - Айсұлтан мама ұра ма үйде? – Жоқ. – Бұзық болсаң ше? – Ұрады.
- Ұра ма мама? – Иә.

Қазақ ертеректен «балаңды жеті жасқа дейін патшаңдай көр, жеті жастан соң құлыңдай жұмса, он төрт жасынан досыңдай сырлас» дейтін. Психологтар осы пікірді қолдайды. Енді өсіп келе жатқан бүлдіршінді таяқтың астына алсаң жасқаншақ болып өсетінін айтады.

Лаура ЖЕКСЕМБАЕВА, ПСИХОЛОГ:

25-35 жас аралығындағы ата-аналар қазіргі балалардың психикалық жағдайына көбірек көңіл бөлуде. Ал, 35 жастан асқан ата-аналар кішкене қиындау. Олар оны қалыпты жағдай деп есептейді көбінесе.

Әлемнің 42 мемлекетінде балаларды ұруға толық тыйым салынған. Ал, Африка мен Шығыс Азияда балаларды жазалауға заңды түрде рұқсат беріледі. Қазақстанда бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді ұруға болмайды деген арнайы заң жоқ. Бірақ Қылмыcтық кoдeкcте кәмелетке толмаған балаға кімде-кім зақым келтірсе жаза қарастырылатыны айтылған.