$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Алматы облысындағы медбикені танысы жұмыс орнына келіп пышақтаған

08.08.2023ж. 20:00
1813
Алматы облысындағы медбикені танысы жұмыс орнына келіп пышақтаған

Алматы облысы Қарасай ауданындағы емханада жаға ұстатарлық жағдай болды. 45 жастағы перзентахана медбикесін жауыздықпен жұмыс орнында пышақтап кеткен. Күдікті 42 жастағы танысы болып шықты.

Индира ҚАБАЕВА, ҚАРАСАЙ КЛИНИКАЛЫҚ КӨП БЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кіріп келе жатқанда ер кісі қан күйінде, екі қолы бәрі қан, үстінің бәрі қан тура менің алдымнан шықты. Ішке кірдім, жан дауысы шықты 2 этаждан и реаниматологқа айттым жүгір 2 этажға “там что-то твориться”. Бұл жерге лишний адамдар кірмейді. Бұл кісі екінші этажға барған, ол кісі ар жақтан өзі шыққан, медбике. Өйткені кездескен жерлері ступенчатый площадкада болып тұр. Әйтпесе ол қайдан тауып кіреді.

Медбике кеуде қуысының жарақаттарымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция үстінде қайтыс болды.

Еркін ЗУЛЬФИКАРОВ, ҚАРАСАЙ КЛИНИКАЛЫҚ КӨП БЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ:

Көпшілік жарақат сол жақтан болған соң, сол жақ өкпе іш құрлысының органдары, үлкен артериялардың зақымдануына байланысты көп мөлшерде қан кетіп қалған.

Медбике 11 жылдан бері перзентханада қызмет етіп келген. Әріптестері оны өте салмақты өз ісіне тиянақты маман деп сипаттады. Аталған дерек кісі өлтіру бабы бойынша аудандық полицияда тіркелді.

Ернар САЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Марқұм медбике Каскелең қаласында тұрған, артынан 2 қызы қалды.