Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Шымкент маңында қалааралық жолаушы тасымалдайтын автобус пен ауыр жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

Шымкент маңында қалааралық жолаушы тасымалдайтын автобус пен ауыр жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

Шымкент маңында қалааралық жолаушы тасымалдайтын автобус пен ауыр жүк көлігі соқтығысты. Жол көлік апаты республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының бойында орын алды. Полицияның дерегінше, "Van Hool" маркалы автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратып, қарсы бағытта келе жатқан «МАN» маркалы жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысқан. Автобустың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Жетісайдан Астананы бетке алған 18 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның бірі ауруханаға жеткен бойда жан тапсырды.

Мадияр ДҮЙСЕНОВ, №1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол екі науқастың жансақтау бөлімінде жағдайлары өте ауыр. Олардың политравма дейді, сан сүйектерінің сынуы, мидың шайқалуы, соған байланысты жағдайлары ауыр.

Жол апатына ұшыраған тағы екі ересек адам облыстық клиникалық аурухананың ортапедия –травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тиісті емін қабылдауда. Айта кетейік, медициналық көмекке жүгінгендердің үшеуі кәмелет жасына толмаған бала.